Сауль Альварес 72,6 кг салмаққа дейін Дүниежүзілік бокс кеңесінің нұсқасы бойынша чемпион атанып отыр. «Congratulations to @Canelo on the win! Great fight #CottoCanelo (Канелоны жеңісімен құттықтаймын! Ұлы жекпе-жек болды!» деп жазған Геннадий Головкин өзінің Твиттердегі аккаунтына. Гена АҚШ-тың Mandalay Bay аренасында өткен «Котто-Альварес» жекпе-жегін көп жанкүйермен бірге стадионда тамашалады. Мексика боксшысы Сауль Альварес бокстың 12-ші раундына дейін жұдырықтасып, төрешілердің басым дауысымен жеңіске жетті. Енді Сауль Альварес Қазақстан боксшысы Геннадий Головкинмен рингке шығуға міндетті. Егер, Сауль жекпе-жектен бас тартса, Геннадий Головкин автоматты түрде WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы болады.
14:13, 22 Қараша 2015
Геннадий Головкин Сауль Альваресті жеңісімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Мигель Коттоны жеңген Мексика боксшысы Сауль Альваресті құттықтады.