Видеода Головкиннің шашын алдырғаннан кейін шаштараз маманмен әзілдеген сәті бейнеленген. GGG алдымен оны маңдайымен тіреп итереді. Сосын тоқтап, көз арбасуға көшеді. Алайда шаштараз жігіт шыдай алмай, артқа шегінеді.
Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Қазірдің өзінде барлық билеттер сатылып кеткен. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.