- Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті атынан және өз атымнан Глеб Ивченко, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен, Абзал Әжғалиев және Әділ Ғалиахметовті Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының алғашқы алтын медалін жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – қазақстандық шорт-трек үшін әлемдік деңгейдегі кешенді жарыстардағы алғашқы жоғары дәрежелі жүлде және мыңдаған жанкүйер осы тарихи сәттің куәсі болды. Бүгін сіздер жеңіске деген жігерлеріңіздің арқасында лайықты түрде тұғырдың ең биік сатысына көтерілдіңіздер, деді комитет президенті.
Ол көп жылдан кейін Қазақстанның әнұраны Азия құрлығының қысқы додасында қайта шырқалатынын атап өтті.
- Сіздерді осы жеңіске жетелеген бапкерлеріңізге ерекше алғыс айтамын. Бұл жарқын жеңіс – бүкіл ел үшін зор қуаныш. Рақмет, алға, Қазақстан! – деді Геннадий Головкин.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бүгін шорт-тректен қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды.