Он екі раундтың қорытындысы бойынша бір төреші жеңісті 115-113 есебімен Штурмға, ал екінші төреші дәл осындай есепті Штиглицке берді, үшіншісі болса 114-114 есебімен тең ойын болды деп есептеді. Жекпе-жектен кейін екі боксшы да қарымта матчт өткізуге ниеттерін білдірді.
Бұған дейін бұл айқастың жеңімпазымен кездесуге әзір екендігін мәлімдеген, осы жекпе-жекті тамашалаған WBO бойынша орташа салмақтағы чемпион Артур Абрахам бұл бәсекеде Штурм жеңді деп есептейді. Осында болған орташа салмақтағы WBA чемпионы Геннадий Головкин болса, төрешілерінің шешімімен келісті, деп хабарлайды sports.kz.