Геннадий Головкин соққының дәлдігі бойынша рейтингте үштікке енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин жекпе-жектердегі соққылардың есебімен айналысатын CompuBox компаниясының 'плюс/минус' рейтингінде үштікке енді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рейтинг "плюс/минус" - дәл тиген және босқа сілтенген соққылар арасындағы айырмашылықтар. Сарапшылардың есептеулеріне қарағанда, Геннадий Головкиннің соққыларының 39 пайызы өз нысанасына дөп тиіп жатқан. Ал ауа қармап қалуы - 22 пайыз.

Соған сәйкес қазақстандық боксшының шабуылы мен қорғанысының айырмашылығы 17. Осы жетістіктерінің арқасында Геннадий Головкин соққысының тиімділігі жағынан боксшылар арасындағы рейтингте үшінші орынды иеленді.