Геннадий Головкин: «Сондерс менімен жекпе-жекке шығам деп әзілдеп айтқан»

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA, IBF, IBO, уақытша WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBO чемпионы Билли Джо Сондерс онымен жекпе-жекке шығам деп әзілдеп айтқан деп санайды.

«Билли Джо Сондерстің менімен жекпе-жекке шығам деген сөзі әзіл ғана. Мен Канеломен рингке шыққым келеді. Одан да басқа көптеген жекпе-жектер өткізгім келеді», - дейді былғары қолғап шебері.

«Доменик Уэйдпен өтетін кездесуіміз ол үшін үлкен мүмкіндік, - дейді Головкин World Boxing News-ке берген сұхбатында. - Мен чемпион болғанға дейінгі өзім бастан кешірген күйді есіме алып отырмын. Сол себепті Уэйдтің жеңіске өте құштар болып отырғанына, бар күшімен дайындалып жатқанына сенімдімін».