Олардың арасында стилі тартымды боксшылар тізімінде IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин де бар. Сондай-ақ, бұл тізімге екі украиналық чемпион - Василий Ломаченко мен Александр Усик, тайлық боксшы Срисакет Сор Рунгвисай мен жапондық Наоя Иноуэ енген.
Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) ақпанда рингке оралып, поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жекте IBF белбеуін қорғауы тиіс. Бұл айқас туралы келесі аптада хабарланады.
Фото: vk.com/ggolovkin