АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин The Ring журналының сыртқы бетіне шықты.
Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес бокс жайлы америкалық The Ring журналының кезекті шығарылымының «басты бетінде» жарияланды, деп хабарлайды GGG ресми тобы «ВКонтакте» парақшасында.
Әйгілі басылымның жаңа шығарылымы «Жеңімпаз бәрін алады» деген тақырыппен жарық көріп отыр.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.