«Қазақстанның бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлды болуымен құттықтайды! Геннадий мен оның отбасына зор денсаулық пен амандық тілейміз!», - делінген федерация сайтында.
Айта кетейік, Головкиндер отбасы ұл (Вадим, 2009 жылы туған) мен қыз (2017 жылы туған) тәрбиелеп отыр. Боксшының ұлы Лос-Анжелесте хоккеймен айналысады. Қазіргі таңда Геннадий уақытын отбасымен бірге өткізіп, жекпе-жектер жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.
15:49, 18 Қаңтар 2019
Геннадий Головкин ұлды болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің үшінші сәбиі дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның бокс федерациясына сілтеме жасап.