Айта кетсек, бүгін ұйымның жаңа президенті сайланады.
Еске сала кетейік, Ұлттық олимпиада комитеті спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатов ҰОК президенттігіне әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің ұсынылғанына пікір білдірген еді.
«Головкиннің кандидатурасын кім ұсынды? Ол өзі кандидатурасы ұсынылғанын біле ме?» деп сұрады одан журналистер.
«Федерациялар ұсынған сияқты. Менде ондай ақпарат жоқ. Неге десеңіз, ол мәселемен біздің заңға байланысты адамдар жұмыс істеп жатыр», — деді Елсияр Қанағатов.