Геннадий Головкин Вleacher Report нұсқасы бойынша Р4Р төртінші орынға көтерілді
17:52, 22 Қараша 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Вleacher Report баспасы салмақ санатына қарамастан әлемнің үздік боксшыларының рейтингісін жаңартты, деп хабарлады Sports.kz.
Котто - Альварес ұрысынан кейін жаңартылған рейтингіде Қазақстаннан Геннадий Головкин бір жолға жоғары көтеріліп, 4-ші позицияға шықты.
Вleacher Report нұсқасы бойынша Р4Р боксерлерінің ТОП-5:
1. Роман Гонсалес (Никарагуа) 2. Владимир Кличко (Украина) 3. Мэнни Пакьяо (Филиппины) 4. Геннадий Головкин (Қазақстан) 5. Тимоти Брэдли (США).