Геннадий Головкин WBC конвенциясына қатысу үшін Қытайға барды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жыл сайынғы WBC конвенциясына қатысу үшін Қытайға барды.

ВКонтакте желісіндегі GGG тобының парақшасында спортшы өзінің осы сапарына қатысты фотосуреттерін жариялады. Еске салайық, WBC конвенциясы Қытайда қарашаның 1-7-сі аралығында өтеді.