Геннадий Головкин WBC үздік жыл боксшысы атағына ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді 2015 жылғы үздік боксшы атағына ұсынды, деп хабарлады Sports.kz.

Бұл сыйлыққа үміткерлер қатарында Сауль Альварес (Мексика), Синсукэ Яманака (Жапония), кіші Флойд Мейвезер, Деонтей Уайлдер (екеуі де -АҚШ) және Роман Гонсалес (Никарагуа) бар.