«Геннадий Головкиннің жекпе-жекке шыққанда киіп жүрген шапаны жанкүйерлерге ұнамай қалған болатын. Оның шапаны қазақтың ұлттық ою-өрнегімен безендірілмегені туралы көп сын айтылған. Сол себеппен боксшыға қазақы нақышта шапан ұсынатындар табылды», делінген телеарна таратқан хабарда. Әбдіжамит Саттарұлы есімді азамат Астана әуежайынан Головкиннің кезекті жекпе-жегіне жанкүйер болу үшін барған. Бұл жолы ол атақты боксшымызға қазақы нақышпен безендіріліп тігілген шапанын ала барған. «Кешегі отандық боксшымыздың Мюрреймен жұдырықтасуында шыққан шапанының бұрынғыдан басқаша екенін аңғарған боларсыздар?! Жанкүйерлер жерлесіміздің жеңісініе бір қуанса, қазақы нақыштағы шапан кигенін көріп одан бетер риза болды», -дейді Ә.Саттарұлы.
17:13, 22 Ақпан 2015
Геннадий Головкин жанкүйерге ұнамаған шапанын ауыстырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматы Әбдімәжит Саттарұлы Геннадий Голвокиннің көп сынға ұшыраған шапанының орнына жаңа қазақы ою-өрнектегі шапан сыйлады, деп хабарлайды 24.kz.