Геннадий Головкин жанкүйерлеріне алғыс айтты
16:01, 12 Сәуір 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин барлық жанкүйеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат боксшының желідегі парақшасында сілтеме жасап.
«Бұл – естен кетпес ерекше сапар болды. Жапонияға, қонақжай жапон халқына, олардың бізге танытқан ыстық ықыласына алғысым ерекше. Күн Шығыс еліне тағы да ораламын деп ойлаймын. Барлық жанкүйерлеріме шексіз ризашылығымды білдіремін.
Көріскенше», - делінген боксшының instagram парақшасында.