Геннадий Головкин жанкүйерлеріне үлкен шоу көрсетуге уәде берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super) мен WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 17 қазанда Нью-Йоркте (АҚШ) өткізеді. Оның қарсыласы осы салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы 26 жастағы канадалық Давид Лемье болады.

Бұл жекпе-жек HBO телеарнасында ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) бойынша көрсетіліп, кештің басты оқиғасы болмақ, деп хабарлады sports.kz .

«Жанкүйерлер үшінн кездесу тартымды болады, - деп жазды Головкин өзінің шағын блогында. - Қазан айында үлкен шоудың куәгері болуға дайындалыңыздар».