Осыған байланысты GGG командасы IBF-ке титулды міндетті қорғауға уақыт беруін сұраған.
Еске салайық, Геннадийдің келесі қарсыласы Польша азаматы Камил Шеремета болуы тиіс.
Алғашқыда айқас 29 ақпанға жоспарланды, кейін ол 28 наурыз бен 11 сәуірге ауыстырылды. DAZN стримингтік сервисінің өкілі Головкин — Шеремета айқасы үшін басқа күн қарастырылып жатқанын растады. Промоутер Том Леффлер пікір білдіруден бас тартқан.