Геннадий Головкин жаттығу жасауды тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес оның алдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.

"GGG қазір жаттығу жасап жүрген жоқ. Ол қазір отбасымен бірге демалып жатыр", - деді А. Санчес.

Сонымен қатар, Санчестің айтуынша, Головкиннің келесі жекпе-жегінің нақты мерзімі де, қарсыласы да белгісіз. «Қазірде Том ( Леффлер, промоутер) мен Герман (Головкиннің менеджер ағасы) Геннадийге қарсылас іздеу үстінде», - деді ол.