Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) жаттықтырушысы Абель Санчес өзінің шәкіртін маңызды бәсекеге дайындап жатыр. Сонымен қоса GGG Твиттерде өзінің суретін жариялап «Дайынмын» деп жазды.
Айта кетейік, бірер минуттан кейін Лас-Вегастың "T-Mobile" аренасында кәсіби бокста әлі бірде-бір рет жеңілмеген Triple G мексикалық бокстың жарық жұлдызы - Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасады.