Геннадий Головкин жеңіліп көрмеген боксшылар рейтингінде ТОП-5-тікке кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин британдық BoxNation телеарнасы жасаған әлі спорттан қол үзбеген және еш жеңіліс көрмеген боксшылардың рейтингінде ТОП-5-тікке кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Телеарна өз сайтында рейтинг тізімін жариялады, онда жерлесіміз 4-ші сатыда тұр. Қазақстандық 36 кездесудің бәрінде жеңіске жеткен және оның 33-ін нокаутпен аяқтаған. Ол орта салмақ тарихындағы ең шебер нокаутшы. Головкин 18 рет өз титулын сәтті қорғап қалған және оның еншісінде 23 нокаут сериясы бар.

BoxNation телеарнасының мәліметі бойынша, Головкинді жеңуге бұл салмақта тек мексикалық Сауль "Канело" Альварес қана қауқарлы.

BoxNation рейтингі:

1. Роман Гонсалес (46-0)

2. Ваенхонг Менайотин (45-0)

3. Деонтей Уайлдер (38-0)

4. Геннадий Головкин (36-0)

5. Майки Гарсия (36-0)

6. Хильберто Рамирес (34-0)

7. Дэнни Гарсия (33-0)

8. Терри Флэнаган (32-0).

Еске сала кетейік, Генадий Головкиннің келесі кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсқа қарсы өтеді. Жекпе-жекті елімізде «Қазақстан» телеарнасы көрсетеді.