Геннадий Головкин жылдың үздік боксшыларының бестігіне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Bleacher Report спорт сайты 2014 жылғы үздік боксшылар атағына үміткерлердің рейтингін жаңартты, деп жазады sports.kz.

Bleacher Report нұсқасы бойынша Геннадий Головкин бұрынғыша алғашқы бестіккегі орнын сақтап қалған.

Биылғы жылы орташа салмақтағы (30-0, 27 КО) WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ганалық Осуман Адаммен (1 ақпан, Монте-Карло, Монако) жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетіп (жетінші және үшінші раундта), содан кейін австралиялық Дэниэл Гилді жеңген(27 шілде, Нью-Йорк, АҚШ). Үшінші жекпе-жек Лос-Анджелесте 18 қазанда WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубиомен өтеді деп күтілуде.

Bleacher Report нұсқасы бойынша «2014 жылғы боксшы» атағына үміткерлер тізімі:

1. Пуэрторикалық Мигель Котто;

2. Америкалық Флойд Мейвезер;

3. Мексикалық Сауль Альварес;

4. Америкалық Теренс Кроуфорд;

5. Қазақстандық Геннадий Головкин.