«Бұл эмоцияларға толы естен кетпес айқас болды. Бұл кеш боксқа өз жанкүйерлерін қайтаруға септігін тигізеді. Тең жекпе-жекке қарамастан, Геннадий орта салмақтағы біздің чемпионымыз болып қалатынын мақтан етеміз», - деді Сулейман.
Еске салайық, Альварес Дүниежүзілік бокс кеңесімен өткен жылғы дау-дамайға байланысты GGG-мен айқас басталмай жатып-ақ WBC-тің қарапайым және арнайы белдіктерінен бас тартқан болатын.
Ақпарат көзі: sports.kz