«Головкин әлем чемпионы атағын тағы бір қорғағаннан кейін, Саул Альварес, Джайме Мунгия, Билли Джо Саундерс немесе Дэниэл Джейкобспен тағы бір үлкен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Олардың бәрі 2021 жылдың бірінші жартысына арналған ықтимал қарсыластар», – The Athletic.
Еске сала кетейік, Головкин бұған дейін «Канело» және Джейкобспен жекпе-жекке шыққан: «Канеломен» алғашқы жекпе-жегі даулы тең нәтижемен аяқталды, ал рематчта Геннадий төрешілердің көпшілік даусының шешімімен жеңіліп қалды. Ал Джейкобспен жекпе-жекте төрешілер бірауыздан Головкин жеңімпаз деп шешкен болатын.