Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы мен DAZN стриминг сервисі аталған оқиғаны ресми түрде жариялады.
Айқас Американың Флорида штатындағы Hard Rock Hollywood казино-қонақүйінде өтеді.
— Бұл жай ғана жекпе-жек емес. Бұл айқастың үлкен мәні бар. Мен әрқашан барлық қарсыласыма үлкен құрметпен қараймын. Өзім шынымен боксты сағындым, осы жылы жекпе-жек өткізгім келді. Менің мақсатым – 21-ші рет әлем чемпионы атағын қорғау, - деді Геннадий.