«Головкин келесі жекпе-жегін күзде өзінің міндетті үміткеріне қарсы өткізеді. Көреміз», — деп жазды Рафаэль Twitter парақшасында.
Бұған дейін Шереметаның промоутері Анджей Васильевски Головкин командасы жекпе-жекті қазан немесе қараша айында өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан болатын.
Бір қызығы, бұл айқас бірнеше рет кейінге шегерілді, ал тамыздың ортасы жекпе-жектің соңғы жоспарланған күні болып саналған еді.