Лемье ширақ қимылдап, бірден басымдыққа ие болды, қарсыласын шаршы алаңның төсенішіне төрт рет құлатты (екінші раундта, бесінші раундта екі рет және жетінші раундта). Жекпе-жектің аяғына таман жағдайды өзгерткісі келген Н'Жикам барын салып бақты. Рингте басымдық та танытты. Бірақ кеш еді. Он екі раундтың қорытындысы бойынша барлық төрешілер жеңісті Лемьеге берді, деп жазады sports.kz.
Естеріңізге сала кетейік, әуелде канадалық спортшы жекпе-жекке Геннадий Головкинді шақырған, артынша Геннадийдің промоутері Том Леффлер канадалық пен француз арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы «Головкин үшін өмірге бейімді нұсқа» болатынын мәлімдеді.