Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласы белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің Твиттердегі парақшасында кезекті жекпе-жек өтетін күні мен қарсыласының есімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

10 қыркүйек күні Лондондағы  О2 аренасында Головкин британдық Келл Брукпен жұдырықтасатын болады.