Геннадий Головкиннің суреті «Ring» журналының мұқабасына шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин, Канело Альварес, Сергей Ковалев және Кит Турман «Ring» журналының келесі жылғы алғашқы санының мұқабасына шығады, деп хабарлады sports.kz ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі GGG ресми парақшасына сілтеме жасап.

Айта кетелік, WBA/IBF/WBC Interim нұсқалары бойынша орташа дивизиондағы жеңілмеген әлем чемпионы Геннадий Головкин барлық осы атақты алған белсенді былғары қолғап шеберлерінің арасында қарсыластарын нокаутқа жіберу жөнінен ең жоғары пайызға ие болды (90,3%).