Геннадий Головкиннің үздік нокауттары - ВИДЕО/ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санаулы сағаттардан соң WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен австралиялық экс-чемпион Дэниэл Гил арасында жекпе-жек өтеді. Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын 11-інші рет қорғайтын болады, деп жазады sports.kz.

Ресейлік Sports.ru интернет-газеті боксшылардың үздік ондығын атады. Рейтингтің көш басында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин тұр.

Геннадий Головкин, 32 жаста, кәсіби шаршы алаңда 29 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. 26 жекпе-жекте ол қарсыласын нокаутқа түсіріп жеңді. Шаршы алаңдағы ұрысты 16 рет уақытынан бұрын аяқтаған.