Геннадий Головкинның жекпе-жегін қайдан көруге болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Геннадий Головкинның жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9 сәуір күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында жергілікті Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кәсіпқой рингтегі 44-ші кездесуін өткізеді. Бұл жекпе-жекте Головкинның IBF, IBO және Муратаның WBA Super чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.

Кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.

Онлайн qazaqstantv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы да көрсетіледі.

Бұған дейін аталған айқас DAZN платформасындағы әлемнің 200-ден астам елінде тікелей көрсетілетіндігі (Жапония, Оңтүстік Корея), Қазақстанның қай телеарнасы трансляция жасайтындығы белгісіз болған еді. DAZN трансляциясы Сингапур, Малайзия, Таиланд, Индонезия, Гонконг, Макао, Моңғолия және Филиппин елдерінде эксклюзивті болмайды.