Геннадий Малахов өз телеарнасын ашады

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Халық емшісі Геннадий Малахов өткен маусымда ресейлік «Малахов+» бағдарламасының баламасы шыққан украиналық телеарнадан кетіп, денсаулық жайында хабар тарататын жеке спутниктік арнасын ашпақ, деп жазады «Маркер» газеті.

«Генадий Малаховтан денсаулық» атауымен шығатын телеарна эфирінде көрермен күн сайын дәрігерлердің, балгерлердің, көріпкелдер мен емшілердің кеңесін тыңдай алады.

Сонымен қатар жүргізуші мен оның серіктестері «Генадий Малаховтың денсаулық клубы» атты желілік бизнес құрмақшы. «Здоровье» ТВК» АҚБ иелері - Малаховтың өзі (жарғылық капиталдыі 10%-ы), Андрей Соколовский - тележүргізушінің бұрынғы досы мен қазіргі серіктесі (60%), сонымен қатар Игорь Пеккер, Андрей Соколин мен Сергей Гринев (10%-дан).

Ресейде телеарна келесі жылдың басында іске қосылады.