Ә.Исекешовтың айтуынша, геологтар бұл мәселені осыған дейін де бірнеше мәрте көтергенімен мемлекет геологиялық барлау жұмыстары мен осы салаға инвестиция тарту мәселесіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей келді. «Сондықтан бұл салаға қосымша сала ретінде емес, экономиканың толыққанды саласы ретінде қарау керек деген ойдамыз. Сондықтан біз қазір геология саласын реттеуге бағытталған заңнамаларды жетілдіруге дайынбыз»,-деді министр.
Оның пікірінше, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» қолданыстағы заң мен «Салық туралы» заңға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ықпал ететін өзгерістер енгізу керек. «Осындай заңнамалық қолдау жер қойнауын пайдаланушылар мен инвесторларды барлау жұмыстарына тартып, осы салада шағын және орта бизнес нысандарының пайда болуына мүмкіндік береді»,-деді Ә.Исекешов.