Геология және жер қойнауын барлау ұйымдарының басшылары және мамандарының лауазымдарына үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілді

ТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Вице-Премьер - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев «Геология және жер қойнауын барлау ұйымдарының басшылары және мамандарының лауазымдарына үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 8 маусымдағы №179 бұйрығына қол қойды, деп хабарлады ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы

2011 жылғы 8 маусым №179 Астана қаласы

Геология және жер қойнауын барлау ұйымдарының басшылары және мамандарының лауазымдарына үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125 - бабының 3 - тармағына сәйкес және Геология және жер қойнауын барлау ұйымдарының басшылары мен мамандарының лауазымдарына біліктілік талаптарын белгілеу мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған, Геология және жер қойнауын барлау ұйымдарының басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

2. Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (М.Сайдуақасов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төраға орынбасары М.Сайдуақасовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Қазақстан Республикасы Индустрия

және жаңа технологиялар министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ.

Геология және жер қойнауын барлау ұйымдарының басшылары және мамандарының лауазымдарына үлгілік біліктілік сипаттамалары ресми БАҚ беттерінде жарияланды.