Геологтар лагеріне аю шабуыл жасады

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат -Краснояр өлкесінің Эвенкий ауданында жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де геологтардың шатырлы лагері аюдың шабуылына ұшырады.

 Тағы аң шабуылының салдарынан бір ғалым қаза тауып, тағы бірнешеуі жарақат алды, деп хабарлайды РИА "Новости" .

 «Орманнан шыққан аю шатырлы лагерь жаққа беттеді. Оның шабуылының салдарынан шатырлар жыртылып, геологтардың мүлігі бүлінді. Аюды көрген лагерьдің қызметкерлері, қашып құтылмаққа әрекеттенген. Алайда бірнешеуін қан-жоса еткен  ол ер адамдардың бірін ұстап үлгерді. Жыртқыштың тырнағына іліккен әлгі жан ажал құшты. Аюды геологиялық партияның аңшысы атып өлтірді», - деді ІІМ ММ-нің өкілі.