Геологтар суасты жанартауының атқылауын бейнетаспаға түсірді

None
АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Американдық геологтар алғаш рет жоғары дәлдікпен суасты жанартауының атқылауын бейнетаспаға түсіріп алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Түсірілімнің нысаны ретінде шыңы 1100 метр тереңдікте жатқан Батыс Мата (West Mata) жанартауы алынған. Жанартау Самоа архипелагынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ғалымдар автоматты аппараттың көмегімен жалпы жиыны 50 сағаттық бейнематериал түсірген.

Ғалымдардың айтуынша, оларға барынша жақын қашықтықтан суасты жанартауының атқылауын бақылаудың сәті түскен. Түсіріліммен қатар, балқымалардың сынамаларын алудың да орайы келген, мұндай іске бұрын-соңды ешкімнің батылы бармаған. Алдын ала зерттеулер жүргізген ғалымдар жыныстардың қалыптасуындағы көптеген мәселелерге көз жеткізді.