19 наурыз күні ерлер мен әйелдер 20 шақырымдық қашықтықта сынға түсті, деп хабарлайды dodasport.kz.
Бұл сында 27 жасар Оралдық спортшы Георгий Шейко күміс жүлдегер атанды. Спортшымыз қашықтықты 1:20,47 аралығында бағындырып, өзінің жеке рекордын орнатты.
Ким Хьюн Суб (Корея) - 1:19.50
Георгий Шейко (Қазақстан) - 1:20.47
Ирфан Колотум Тоди (Үндістан) - 1:20.59
Әйелдер арасында отандасымыз Полина Репина алтыншы орынды қанағат тұтты. Бұл сайыста 1:30,21 уақытымен Қытай спортшысы Ванг На жеңіске жетті.