Вирустық гепатит – бауырды қабындыратын жұқпалыауру. Бұл вирустар түрлі жолмен беріледі: А және Е гепатиті – вируспенластанған азық-түлік пен су арқылы және тұрмыстық байланыс кезінде адамнанадамға жұғады. В және С гепатиті – қан арқылы, жыныстық қатынас кезінде жәнежүктілік кезінде анадан балаға жұғады. D гепатиті – жеке жұқпайды, ол тек Вгепатитімен бірге дамиды.
«Аталған барлық вирустар гепатитті тудырады,салдарынан адамның тәбеті жоғалады, дене қызуы көтеріліп, терісарғайып, шел пайда болуы мүмкін. В және С гепатиттері созылмалы түрге ауысып,бауыр циррозына (57% жағдайда) немесе бастапқы бауыр обырына (78% жағдайда)әкеп соғуы мүмкін. Қазақстанда соңғы 20 жылда жіті вирустық гепатиттермен сырқаттанукөлемі азайып келеді. Республика бойынша жыл сайын жіті вирустық гепатиттіңшамамен 1 мың жағдайы,созылмалы вирустық гепатиттің 5-6мың жағдайытіркеледі. Сырқаттану республиканың барлық өңірлерінде тіркелген», - деп хабарлады орталықтан.
Сонымен бірге, Ұлттықорталық гепатитті жұқтырмаудың негізгі қағидаларын ұсынды.
Ең алдымен, А және В гепатитіне қарсы егілу қажет. Сапалы таза су ішіп,көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, термиялық өңдеуден өткізу қажет.Осылайша В гепатитінен сақтануға болады.
Микроскопиялық мөлшердегі қан ұстарада, тісщеткасында, тырнақ алатын қайшыда қалып кетуі мүмкін. Бұл заттарды басқаларменортақ қолданбау керек. Стерильденбеген құралдармен пирсинг және татуировкажасатпаған жөн. Жыныстық қатынас кезінде сақтану шараларын қабылдау қажет.
Халыққа вакцинация жүргізу арқылы А, В және Егепатитінің алдын алуға болады. В және С гепатитімен күресте – донорлық қандытексеру, стерильдік инъекциялық жабдықтар және инфекциялық бақылау болғаныжөн.
Айта кетейік, жыл сайын, 28 шілдеде Дүниежүзілікгепатитпен күрес күніаталып өтеді.