Аталған жарыстың финалында Кирилл германиялық Бенедикт Дудомен кездесті. Тартысты өткен шешуші ойын 7 айналымға созылды. Бастапқыда есеп 3:3 болды. Ақтық айналымда Герасименко салқынқандылық сақтап, қатеге жол бермей, нәтижелі шабуылды үдетті.
Нәтижесінде, соңғы айналым 11:7 есебімен Герасименконың еншісіне шешілді.
Осылайша, финалдық кезең 4: 3 есебімен аяқталып, қазақстандық теннисші жеңімпаз атанды. Жалпы ойын барысында ол барлығы 6 кездесу өткізіп, қарсылас шақ келтірмеді.