Германдық дәрігерлер салмағы 21 келі ісікті алып тастады
12:08, 12 Қараша 2012
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Германдық дәрігерлер 71 жастағы емделуші Альтенбургке сәтті ота жасап, 21 келі ісікті алып тастады.
Бұл туралы операция өткен емхананың бас дәрігері Риго Фойгт хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, ер адам медициналық көмек сұрап келген, оның іші ауырлап, үнемі өсіп келген. Тексеруден кейін емделушіден ісік анықталды. Ісікті алып тастау отасы бірнеше сағатқа жалғасты. Дәрігерлердің айтуынша, операция аса күрделі жағдайда өткен. Ісік ішіктердің орталық қан жолдарына жабысып қалған.
«Ісіктерді алып тастайтын арнайы орталықтар үшін де бұл ота аса сирек кездесетін оқиға болушы еді», - деді Фойгт. Оның сөзіне қарағанда, бәрі сәтті өтті, емделуші оңалту курсынан өтуде.