Есепке босқындарды орналастыру, интеграция және тіл курстары, әлеуметтік қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуропаға ағылған көші-қонның себеп-салдарымен күрес кіріп отыр.
2016 жылы осы мақсатқа 16,1 миллиард еуро жұмсалса, 2020 жылға қарай сәйкесінше жыл сайынғы шығын 20,4 миллиард еуроға өседі, деп жазады басылым қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша, ағымдағы жылы Германия 600 мыңға жуық босқынды қабылдайды, ал келесі жылы -400 мыңға жуық, одан кейінгі жылдары - 300 мыңнан.