Ерлер арасындағы жарыста Өзбекстан құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Үндістан командасы иеленсе, Германия құрамасы үшінші орынға тұрақтады.
Жарыс басталар алдында Германия құрамасы жүлдеге басты үміткерлердің қатарында болмаған. Соған қарамастан, неміс шахматшылары турнирді жүлделі орынмен аяқтады.
Германия құрамасы соңғы рет 2000 жылы Олимпиада жүлдесін жеңіп алған. Сол кезде команда күміс медаль иеленген.
Бұған дейін Қазақстан қыздар құрамасы шахмат Олимпиадасында ТОП-3-тегі орнын сақтап қалды.