Германия адамдардың келбетін танитын жүйені сынап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ГФР ІІМ басшысының айтуынша, адамдардың бет-әлпетін тану жүйесі қоғамдық орындарда қауіпсіздікті арттыруы тиіс, деп хабарлайды dw.com .

Бағдарлама жүргіншілердің бет-әлпетін осы жобаға қосылған 250 еріктінің суреттерімен салыстырады.

Олардың екі фотографиясы мен есімі жүйеде сақталған. Берлиндік Зюдкройц  темір жол станасының кіреберіс, шығаберіс және эскалаторында орнатылған үш бейнебақылау камерасы жүргіншілерді суретке түсіреді, ал арнайы компьютерлік бағдарлама - бет-әлпеттерді жазбада сақталған фотолармен салыстырады.

Елдің Ішкі істер минстрі Томас  де Мезьердің (Thomas de Maizière) айтуынша, жаңа техника іздестірудегі қылмыскерлерді танып, осылайша қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті арттыру үшін орнатылмақ.  Бұл заң бұзушыларды қорқытып, тергеуге жәрдемдеседі.