«Бұл жағдай бірнеше апта бұрын болған. Қазіргі таңда баланың анасы сотқа жүгіну үшін адвокатпен бірге барлық құжаттарды жинап жатыр. Германиядағы ережеге сәйкес, ата-аналар баласын жазаламауы керек. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жеткіншек қыз балалар үйінде. Отбасын бір-бірімен қауыштыру үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Біздің консул балаға барып қайтты, анасымен де тікелей байланыста», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бүгінгі брифинг барысында.
Оның айтуынша, «неміс билігінің мәліметіне сәйкес, анасы баласын мектепке барар алдында жазалаған-мыс. Өз кезегінде кішкентай қыз ол туралы мектепке айтып барған».