Германия депутаттары ҚР мен ГФР арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті
Келіссөздер барысында халықаралық күн тәртібінің мәселелері, БҰҰ шеңберінде көпжақты ынтымақтастықты кеңейту және екі елдің парламенттік дипломатиясын әрі қарай дамыту сұрақтары талқыланды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстандық дипломат неміс депутатын 2017-2018 жылдардағы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ҚР өтінімінің негізі болған БҰҰ Бас Ассамлеясының 70-ші мерейтойлық сессиясы шеңберінде Елбасы көтерген сыртқы саясат бастамаларымен хабардар етіп, «100 қадам» Ұлттық жоспарының, «Нұрлы жол - болашаққа жол» Жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттерімен таныстырды.
Неміс тарапы БҰҰ шеңберінде Қазақстанның халықаралық бастамаларына, оның ішінде Елбасының «Жаңа болашақ» тұжырымдамасын жасаумен қоса Жаһандық стратегиялық бастама - 2045 жоспарын әзірлеу, Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыру және ядролық қарудан еркін бейбітшілікке қол жеткізу жөніндегі БҰҰ-ның Жалпыға ортақ декларациясын қабылдау жөніндегі ұсыныстарына жоғары баға берді.
Осы күні екі елдің парламенттік дипломатиясын әрі қарай дамыту мақсатында Қазақстанның Елшісі Бундестаг депутаттары - «Германия - Орталық Азия» Парламенттік тобының мүшелерімен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында неміс парламентшілері екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың деңгейін, екі ел басшылықтары сапарларының және ҚР және ГФР парламеттік тобы қызметінің елеулі динамикасын атап өтті. Неміс депуттатары келесі жылдың көктемінде Қазақстанға бару жөніндегі өздерінің жоспарлары жөнінде мәлім етті.