Германия экономикасының даму көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың төртінші тоқсанында Германия экономикасы өзінің өсу қарқынын жоғарылатты. Қазан мен желтоқсан айлары аралығында ГФР-дың ішкі жалпы өнім көлемі шілде мен қыркүйек айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,4 пайызға өсті.

2016 жыл бойына экономиканың өсімі 1,9 пайызға жетіп, соңғы 5 жылдағы рекордтық деңгейді бағындырды, деп жазады russian.rt.com.

Deutsche Welle басылымының жазуынша, Германия экномикасының өсіміне жоғары мемлекеттік кірістер мен босқындардың орналасуы да оң ықпал етті. Сонымен қатар экономика өсіміне тұтынушылық және құрылыс саласындағы сұраныстардың да әсері болды.

Commerzbank банкінің бас экономисі Йорг Кремердің пікірінше, Германияның экономикалық өсімі биылғы жылдың бірінші тоқсанында шетел арқылы сұраныстардың артуына байланысты жалғаса береді.