Германия ең ірі атом электр стансасын жапты
18:01, 01 Қаңтар 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германиядағы Гундремминген АЭС-і жабылды, деп хабарлайды euronews.com.
Германияның оңтүстігінде орналасқан АЭС елдегі ең ірі атом электр стансасы болып табылады. Ядроық энергетикаға қарсы ондаған белсенді азамат осы оқиғаны атап өту үшін Баварияға жиналды.
Осыдан алты жыл бұрын Германия үкіметі 2022 жылға қарай барлық атом электр стансаларын жабуға шешім қабылдаған еді. Оған 2011 жылы Жапонияның Фукусима АЭС-індегі апат себеп болды.
Фото miraes.ru/aes-gundremmingen-krupneyshaya-atomnaya-stantsiya-germanii