БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Германия COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты ЕО-ның басқа елдерінен келетін жолаушыларға шекараны жапты. Бұл туралы сәрсенбі күні кешке ГФР көлік министрі Андреас Шойер мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз бүгін халықты індеттен қорғау үшін тағы бір қадамға барамыз: ЕО елдерінен келетін саяхаттаушыларға шектеуді ұлғайтамыз. Бұл шектеу Германияға ұшақпен, пойызбен, темір жол желісімен және су жолдарымен сапарлайтын барлық саяхатшыларға қатысты», - деді Шойер.
Министрдің айтуынша, жүк тасымалы және денсаулық сақтау саласының, шұғыл қызмет саласының қызметкерлері әлі де елге кіре алады.
Мәліметке сай, ел билігі шетелдік азаматтардан аса шұғыл болмаса, Германияға сапарын кейінге қалдыруды сұраған.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.