Германия героинды дәрі деп таныды
08:04, 29 Мамыр 2009
БЕРЛИН. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат – Неміс парламенті нашақорлықты емдеудің стандартты тәсілдерінен жағдайлары жақсара қоймаған есірткіге елітушілерді емдеу үшін синтетикалық героинды қолдануды қолдап дауыс берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Препарат жасы 23-тен асқан және оңалудың екі бағдарламасынан өткен есірткіге тәуелділіктен зардап шегуші тұлғаларға ғана беріледі. Дәрі еркін сатылымға шығарылмайды, тек дәрігерлердің бақылауындағы арнаулы орындарда ғана қолданылатын болады. Немістің жеті қаласында синтетикалық героинды дәрі ретінде пайдаланудың тестілік сынақтары өткізілген және ол сынақтар жоғары нәтиже көрсетіп отыр.