Қала тұрғындары үйлеріне тек, бомба залалсыздандырылғаннан кейін ғана орала алады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 70 жыл жер астында жатқан салмағы 250 келі болатын бомбаны ескі Жоғарғы оқу орыны ғимаратын сүру кезінде тапқан. Оның техникалық жағдайын мамандар әзірге бағалай алған жоқ. Германияда құрылыс жұмыстары кезінде соғыс кезінен қалған бомбалар жиі табылады. Тарихи деректер бойынша, Ганновер қаласы одақтастардың негізгі нысанасы болып, қалаға сол кезде жүз мыңға жуық бомба тасталған.
05:17, 20 Мамыр 2015
Германия халқы соғыс кезіндегі қауіпті қайта сезінді
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Германияның Ганновер қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарылмай қалған бомба табылып, қаланың 30 мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз жерге шығарыла бастады.