Германия қалаларында оңшыл экстремизмге қарсы шерулер жалғасып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Германияның бірқатар қаласында әсіре оңшыл партиялардың қызметіне қарсы кезекті митингілер өтті. Бұл туралы Аpnews.com жазды. 

Фото: The Associated Press

Росток, Итцехо және Гота қалаларында мыңдаған демонстрациялар болды. Ең ірі митингілер Германияның солтүстігінде – Мекленбург-Померания және Шлезвиг-Гольштейнде тіркелді. 

Полицияның мәліметінше, Итзеходе 4 мыңға жуық адам наразылық акциясына шыққан. Ростокта 3,2 мың адам жиналды. 

Бұл наразылықтарға 2023 жылдың қараша айында Потсдамдағы радикалды оңшыл саясаткерлердің кездесуі себеп болды. Онда саясаткерлер ремиграция мәселесін қозғаған. Оған сәйкес Германияда тұратын шетелдік азаматтардың көп бөлігі елден кетуі керек.

Бұл ұсыныс неміс қоғамында үлкен резонанс тудырып, елдегі митингілер толқынына ұласты.